Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айдар Байжанов - Дуние ай [Мухтар Кожа] | Текст песни

Баспадым жардың шетін құлайма деп,
Ішпедім арықтан су лай ма деп.
Қорқамын дос болуға жаманменен,
Тар жерде ер тоқымын сұрайма деп.

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Халәуләйлім, халәуләйлім

Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,
Жамандар жақсымын деп айқайлайды.
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды.

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Халәуләйлім, халәуләйлім

Өмірде оңалмассын мендігіңмен,
Атыңты байлармысың белдігіңмен?
Аяқта аяқ киім тар болса егер,
Не пайда дүниенің кеңдігінен?

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Халәуләйлім, халәуләйлім

Ағаштың көзі қара көміріндей,
Мылтықтың бойы түзу теміріндей.
Өткізген жақсыменен жарты сағат,
Жаманның өтіп кеткен өміріндей.

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Халәуләйлім, халәуләйлім

Жолықсақ біздің жақтың тентегіне,
Өмірдің өкінбейді кеткеніне.
Үйдегі жалғыз атын сойып беріп
Жүген ұстап қалады-ау ертеңіне

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Халәуләйлім, халәуләйлім


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 7
Видео
Нет видео
-