http://lyricstranslate.com/ru/%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B-%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%B6%D2%B1%D1%80%D1%82%D1%8B%D0%BC-%D0%B0%D1%80%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%8B%D2%A3-lyrics.html#ixzz47EOwHhN8
Алқалы жұртым, армысың?!
Төрт көзің түгел, бармысың?!
Көрмегелі көп болды,
Сағынып жаным қалды шын.
Сендерді жырлап өтейін
Кеткенше бойдан әл-күшім.
Ұлыңды ақын еткізген
Өздеріңнің алғысың.
Ауылдас, бауыр, ағайын,
Көңілдің кілтін табайын.
Жырымды сусап отырсаң,
Толғанбай неге қалайын.
Жүректен шыққан ән ашар,
Көңілдің ішкі сарайын.
Бейтарап күнді бақ ашар,
Барымды айтып алайын.
Кешегі жүрген ағалар,
Отырған мынау шалмысың?
Кешегі жүрген жеңгейлер,
Өткен күнге зармысың?
Кешегі жақын құрбылар,
Ағарып атар таңбысың?
Бүгінгі мынау жас қауым,
Шырқатып салар әнбісің?
Қарамай кетсең анаңа,
Қаласың налып табаға.
Ананың көңлін қалдырған
Баланың жолы бола ма?
Атаның сағын сындырған
Келіннің жолы бола ма?
Келінді кейін сорлатар
Ішінен шыққан бала да.
Кейінгі жасқа айтарым,
Өмірдің мәнін байқағын.
Өз әкең асқар тау болса,
Өз шешең шалқар байтағың.
Үйрете көрме бойыңа
Сөзіңнің шәркез шайтанын.
Ала да көрме ойыңа
Дұшпанның арам айтағын.
Үлкеннің көңлін қалдырған
Кішінің жолы болмаған.
Кейінгі келер ұрпаққа
Өнеге болма оңбаған.
Басыңнан бағың бір тайса,
Қайтадан келіп қонбаған.
Оны да айтып бұл заман,
Ақындар жырын жырлаған.
Қазақша еще тексты
Перевод Translate.vc
Сейчас смотрят
- Қазақша - Алқалы жұртым армысын
- VY2 Yuuma - A clingy boy sticking for 15 Years
- фредди мишки - пять ночей с фреди 3 song песня spring trapa
- Billy Boy On Poison - 4 Leaf Clover
- Кравц и Ника Клубника - Буду твоей стеной, ты мой путь судьбой, Будь со мной, и будь собой. Ты моя. ....всё что было до меня обнуляй...жизнь...
- Димчик=)) Я ОЧЕНЬ ЛЮБЛЮ ТЕБЯ *** - Только ты нужен мне) Ты мой самый любимый, самый ревнивый, капризный, как и я )) ОБОЖАЮ тебя......и очень очень ценю.......:*целую, твоя baby***))♥♥♥
- Никита Стихами - Из цикла - цикл
- WF_Oi!Punk_r2 - Грязные, потные, вонючие носки!
- Игорь Ясный - Лето
- Я люблю тебя моё Солнышко* - Я всегда буду рядом с тобой Моя родная, Чтобы не случилось:*:*
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 6