Мен қыз іздеймін... Біреудің байлығына қарамайтын, Мендегі бар нәрсені бағалайтын. \"Ерім ғой\" деп алдымда бас иетін, Өзін менен ақылды санамайтын.
Мен қыз іздеймін... Жүректе Алла, аузында тәубасы бар, Араласа бермейтін дауға шұбар. Жоқ нәрсені іздеу де қиын екен, Бірақ, оны кім білсін бар да шығар...