Сенің көктемдей көркіңе көз тоймай қарадым. Арайлап алдан ақ көңіл, ақ ниетпен Күнде тұрасың қол бұлғап көкжиектен, Жаным өзіңе сырымды айта алмай барамын.
Айдыным өзгенің зерлеп қанатын, Қай жерде жүрсің мекендеп? Жер-көкті шарладым қалмай тағатым, Кездесіп қалар ма екен деп!
Асыға күттім таң нұрын, таң нұрын Айта алмай сырым, жан мұңым, Дариға жүрек жүрсің-ау аңсаумен, Қарлығаш көктем, бал күнім.