Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

мс кана - | Текст песни и Перевод на русский

https://vk.com/yermek.kairat
Жүректесің...♡

Көрінбейді көріктім көзің мүлде,
Сені ойға алып айтылар сөзім бірде.
Сені есімнен шығарам деп жүргенде,
Есім шығып кетіпті өзімніңде.

Неше жаз бен күз өтті, неше көктем,
Күндерімді аңсаймын кешегі өткен.
Әлі есімде, ақпанда біз екеуміз,
Аппақ қарды саялап төсек еткен.

Есіңдеме, көп еді арманымыз,
Ақ қала, шырша болған жан-жағымыз.
Сен сол күннің барлығын ұмыттың ба?
Телефонмен атушы еді таңдарымыз.

Сен менің, жүрегімнің жүрегісің,
Жүрегімді сағынтып жүремісің.
Мен саған, қаншама ән арнап едім,
Тым болмаса, біреуін білемісің.

Соңғы рет сені көріп үлгерем бе?
Басқаға ілесіпсің жүр дегенге.
Қай күні тұрмыс құрып ұзатылып,
Қай күні ана болдың білмегем де.

Сезім, басты қайғыға алып тықты,
Бір пысық жан өзіңді тауып күтті.
Он екі айды баяндап отырғанда,
Он екі тал темекі жанып бітті.

Осылай ғашық болғам бір аруға,
Әлім жетпей есімнен шығаруға.
Жылуын жүрегімнің сезіне алмай,
Сұлуым, кезіктірген сыңарында.

Менің ғана жүрегім қайғы алыпты,
Ол бақыттан көңілі жайланыпты.
Кеше ғана, кеш батса шықпайтын қыз,
Отбасы бар әйелге айналыпты.

Өмір ғой, өтер артқа бір қарамай,
Келбетіде көркем еді тұнған арай.
Тағыда туған күні жақындады,
Мұңға батып отырмын мұңдана алмай.

Ұзатылды, естідім, жыламайды,
Сезем ол, әлі мені кінәлайды.
Біз екеуміз көктемде қоштасқанбыз,
Сондықтан, маған көктем ұнамайды.

Ел кезіп кетсем бе екен бір ақындай,
Сол кезде, мені бәрі ұғатындай.
Адамдар, көктемді көп күтеді ғой,
Ал көктем, мені күтіп тұратындай.

Сезімім, сенімімді сатып берді,
Қайта іздеп табайын бақытты енді.
Қыста келді, келесі мезгіл көктем,
Халық танып, жұбатар уақыт келді.

Іздеп сені, тапсам да, бара алмаймын,
Мен сол қара жігітпін, ағармаймын.
Сұрайтыным, қайтаршы сезімімді,
Өзгеге де ғашық боп ән арнайын.

Мойынымдағы тым ауыр шіркін жүктер,
Соңғы рет бір көрейін мүмкіндік бер.
Енді мен жар болатын жан іздеймін,
Айналамда толып жүр бір түндіктер.

Баяғы Бақдәулетке қайта алмаймын,
Жанымды жеп жүр менің байқалмай мұң.
Сағыныш оты бір күн сөніп қалар,
Қызғаныш отын бірақ айта алмаймын.

Күйіп барам, досым-ау Жолдасбегім
Ғашық адам ұмытпай оңбас дедім.
Көгершінім, әлі де сені ойлаймын,
Сен болмасаң, мен ақын болмас па едім.

Адам, адам қартаяр жасармайды,
Мені қыйнап, сүйреп жүр асау қайғы.
Жүз арумен жатсамда аймаласып,
Сенің тәтті ерніңнен аса алмайды.

Саған өмір, керектің бәрін берген,
Жанарымды жасырдым жалын көрген.
Таң қаларым, күйеуің сүйіп жүрген,
Ерніңнің, мен бірінші дәмін көргем.

Өтті-кетті, бәрі де оралмайды,
Өкінгенмен, еш пайда бола алмайды.
Артық айтсам ақылдым айып етпе,
Сенің жүзің жүректе, жоғалмайды.

Қатайғаны сезілді қанатымның,
Сонда да сені ойласам уайым жұтам.
Сен үшін, көзімді ілмей таң атырдым,
Ал ендеше ұйықтаймын, Қайырлы таң!

мс кана еще тексты


Перевод Translate.vc



Другие названия этого текста
  • Бакдаулет Арыстан - (0)
  • мс кана - (0)
  • Бак Арыстан - (0)
  • Рахат Низтай vk.com 87763001770 - (0)
  • Куанышбеков ⏪▶⏩ - Журектесин (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4