МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.
Сен мына - менің тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе зынданыңа салып сақта
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің ешкім де оны басынбасын,
Сен мені өз басыңмен бірге қорға
Біреулер зұлымдығын асырмасын!
Сен менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын.
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай…Қиылғасын!
Нұрсұлтан Талғатұлы еще тексты
Другие названия этого текста
- Нұрсұлтан Талғатұлы - М.Мұқағали "Сен мына" (0)
- Бауыржан - М.Мұқағали "Сен мына" (0)
- Мұқағали Мақатаев - Сен менің (0)
Сейчас смотрят
- Нұрсұлтан Талғатұлы - М.Мұқағали "Сен мына"
- Алиса Димитриади - Марина Цветаева - Бессонница (муз. Алиса Димитриади)
- Лолита - Он - мой беспокойный сон, мой колокольный звон, Мой Бог, мой чёрт, мой Ангел ада.
- Борман - Учитель Серёга
- Metallica - Devil's Dance (feat. London Symphony Orchestra)
- наш Любимый,дорогой муж и папочка - Поздравляем тебя с Днём Рождения!!!
- Текст, слова песни А.Панайотов, А.Гоман, Ассорти, Чумаков - Новый год - Снег январский за окошком,
- Милана Мирзаханян, Алина Изотова и Мария Паротикова бьюдарк гуль мего - Песня о птицах (8.04.2016; муз. Александра Градского - ст. Николая Глазкова) + Гаю-гаю (русская народная песня)
- Неизвестен - The Phantom Of the Opera Techno Remix
- Дискотека Авария - Россия Победит! (Гимн Российской Сборной По Футболу На Евро 2012)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1