Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Alty - Кошенін акындары (ft. Sagi Khalen) | Текст песни и Перевод на русский

ALTY – Көшенің ақындары (feat. Sagi Khalen)

Шумақ 1 Алти

Сәлем беріп өтейік, алдыменен бәріне
Шын жүректен жолдаймыз, жастарменен кәріге
Кім десеңіз халайық, таныстырып алайық
Бұл Green Production, мекеніміз ақжайық
Міне енді алдарыңа шығамын мен демімді алып
Тыңдарманның қолдауы, болады бізге қуат
Алға қарай дамытқан, қазақша рэп хип-хопты
Мен қазақтың баласымын келемін жарып топты
Әуен әдемі құлағымда ойнап тұр,
Ойымдағы бір түсінігім саған дайын тұр
Тілім бай, сөзім жай әріге кетсем қирамайм
Бұл стилім өзіме тән сондықтанда тоқтамайм
Ертеректе болушы еді әнші жыршылар
Домбыраның үнімен жеткізетін ақындар
Енді бізде микрофон, сөзімізді ұйқастыра
Ата баба салған ізін әрі қарай жалғастыра
Егер келсе қолдан, келтір бауыр қане сәнін
Биік көтер қазақша рэп мәртебесін жоғары
Келешек біздің қолда егерде сен түсінсең
Түсінбей жасай алмасаң неғып жүрсің мұнда сен
Рэп деген саған ол ашатын соғыс емес
Оңтүстік, солтүстік батыс шығысқа бөліну де емес
Рэп деген керемет, рэп деген ол өнер
Оны дұрыс түсінуге ақыл есіңде жетер

Қ-сы:
Көшенің ұлдары көтеріңдер қолдарды
Көшенің ұлдары қазақ рэпті қолдады
Алдарыңа келіп қалды, көшенің ақындары
Жаңа заман әуенімен, қане бауыр тыңдағын

Шумақ 2 Sagi Khalen

Сөйлеп тұрған алдарыңда, қайдағы жоқ біреу емес
Сөйлеп тұрған алдарыңда бұ жұлдыз емес
Сөйлеп тұрған алдыңда көшенің ақыны
Менімен бір қатарда көшенің ұлдары
Біздің ісіміз бір, жолымыз бір
Қазақша рэп, тек, қазақша жырды
Дамыту, тек алға ұмтылып
Өзімнен кейін, жақсы бір орын қалдыру
Сен қалай киінесің, сен қалай жүресің
Сен қалай айтасың, сен қалай жасайсың
Ол маңызды емес, маңыздысы тек
Тыңдарманға жеткізу дұрыс жолмен әкеп
Менің жолым дұрыс екеніне сенемін
Менің жолым дұрыс екенін мен білемін
Білетіні білер, түсінгені түсінер
Алайда бұл шындық, әркім оны білу керек
Соңғы кездері, толып кетті осы рэперлер
Бәрі қайдан шығып жатыр, әлде біреу жібердіме
Сапасы жоқ, саны көп
Оған қоса шет шетінен көтеншелек кілең бір
Ээ иәә, хип-хоп жұлдыз өздері
Атың кім еді, мс пәленше, мс түгенше
Оған қоса бар, диссерлер, бифферлер
Хейтерлер, ху*терлер***
Ең бірінші мақсат қайда, соны білгін,
Білгеннен соң қалам алып соны жазғын
Ал оқи алмасаң, неге керек жазып альбом
Бостан босқа көбейтпе, дарынсыздар қатарын
Біліп қой дарын ашылмаса, дарын жоқ
Біліп қой дарынсызға мұнда орын жоқ
Оданда, үлес қос, жай тыңдарман боп
Бәрібір қаласың ұша алмаған ұшқыш боп
Ескілердің орнына жаңалары келеді,
Ескі жұлдыз орнына, жаңалары жағылады
Дегендей, тек нағыз мықтылары
Тек шынайы, тек шынайылары есте қалады
Қайырмасы
Көшенің ұлдары көтеріңдер қолдарды
Көшенің ұлдары қазақ рэпті қолдады
Алдарыңа келіп қалды, көшенің ақындары
Жаңа заман әуенімен, қане бауыр тыңдағын

Қ-сы:
Көшенің ұлдары көтеріңдер қолдарды
Көшенің ұлдары қазақ рэпті қолдады
Алдарыңа келіп қалды, көшенің ақындары
Жаңа заман әуенімен, қане бауыр тыңдағын


Alty еще тексты


Перевод Translate.vc



Другие названия этого текста
  • Alty - Көшенің ақындары (ft. Sagi Khalen) | #KRP (0)
  • Alty - Көшенің ақындары ft. Sagi Khalen [Дұрыс Рэп] (0)
  • Alty - Кошенін акындары (ft. Sagi Khalen) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2