Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

m. - Ұмыту қиын [mp3zone.kz] | Текст песни

Ұмыту қиын

Білем, қиын, мінездеріміз мүлдем ұқсамайды,
Осы жағдай біздерді қатты қинайды.
Бұлай мүлдем болмайды, қырсығымды қимаймын,
Неткен үлкен әлем, көңілім мұнда сыймайды.
Өзгерт мені, өзгер өзің, таусылуда тағат, төзім,
Жалғыз сезім, жалғыз арман қол созуда бізге алдан.
Тағдыр, талғам, түрлі тармақ жалт көрініп, үміт алдап,
Үзіп жалғап, қайта жалғап, бір бақытқа сені баулап.

Қ-сы: (x2)
Ұмыту қиын, естен шығару да,
Тастап кету де және доғару да.
Жалғыз махаббат – ол да жоғалуда,
Сөніп баратқан үміт жалғыз құтқаруда.

Кел деп, кет деп, ойнап-арбап, мені қинап,
Ойды өзгертіп, жаймен улап, кеуде жанып, көк те тулап.
Мүмкін болса, келіп бір кеп, кет,
Сенің елесің көзге елестеп.
Мүмкін, бұның бәрі – уақыт өлтіру,
Мүмкін емес сағыммен бірге болу.
Көрмесің анық көзімнен,
Жауап бермесең еш сөзіме.
Ішке ес бере алмаймын төзімге,
Асыға беремін өзіңе.
Ойлап келіп ем, бойлап ерімнен,
Терең, тұңғиық сол сезімменен қанша езілдім мен қалып көңілім.
Сен – менің барымсың, сен – менің өмірім!

Қ-сы: (x2)
Ұмыту қиын, естен шығару да,
Тастап кету де және доғару да.
Жалғыз махаббат – ол да жоғалуда,
Сөніп баратқан үміт жалғыз құтқаруда.

m. еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2