Көмескі кеш тұманы, орайды даланы
Тіршілік ұйқыға асықпай дайындалды
Аспанда жұлдыздар, бір бірден жиналып
Ғажайып бұл кеште, түсті көзіме айналып
Түнгі көк көбелек жарыққа ғашық,
Болдым мен ақ көйлек, жүрегім ашық
Кірпік қаққан сәтті лездені есімде сақтаймын
Ажарлы тәтті күндерді, қайтаруға тілеймін…
Көзімді жұмсамда, елестей беремін
Саңырау болсам да, үніңді мен естимін
Еркінді даланы, құмтылып сақтаймын
Есімде ерке елессің сүйемін сені - ОТАНЫМ
Түнгі көк көбелек жарыққа ғашық,
Болдым мен ақ көйлек, жүрегім ашық
Кірпік қаққан сәтті лездені есімде сақтаймын
Ажарлы тәтті күндерді, қайтаруға тілеймін…
Көбелектей жарыққа ғашық…сүйемін еркін даланы…
Сүйемін сені Отаным…
Mergen еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1