Мен отырм өлең жазып, яғни ойымда сенсің, Жүректің қалауы ғой сен бірақ музыка дерсің, Жазаны жүрек берсін, ес-түссіз ғашық болған, Жауапты оқи берші, көзімнен мұңға толған.
Мен саған неге ұтылдым, неге неге неге ұтылдым, Неге енді үйретпедің, өзіңсіз ауа жұтуды, Неге мен ғашық болдым, неге тек саған ұмтылдым, Неге сен әдет қылдың, сүйдіріп өмір құртуды.
Садақтан атқан оғың, жүректі қанатуда, Сен жеттің мақсатыңа, бар енді жанартуға, Сәбидей жаңа туған, көзімді аша алмадым, Сезімге ерік беріп, арбаудан қашалмадым.
Өзіңнен алыстауға, неге қадам басалмадым, Басқадан сезім іздеп, бақытты жасамадым, Нәпсімнен аса алмадым, неліктен неге білмедім, Әлде бұл сезім бе екен, ештеңе түсінбедім.
Сен үшін жаратылған, жүректі қабыл алшы, Мен ғана жалғыз емес, мен үшін сен де жаншы, Өтінем жанда қалшы, сүйіктім болып мәңгіге, Өзің де білесің ғой мен туралы көп әігіме.
Ерекше қуанамын, өзіңнен жауап келгенде, Жолында махаббаттың, адасқан мен де бір пенде, Қуантшы жаным кел де, арман жоқ менде өзге, Мың айта қадірсіз болд, сүйемін деген сөз де.
Тыңдашы сөздерімді бақытты етем өзге кімді, Қимадым көздеріңді, қабылдадым өзгеруді. Түсіме жүз кіруді, сен неге әдет қылдың, Бәрінен өтіп келіп, неге мен саған ұтылдым.
Мен саған неге ұтылдым, неге неге неге ұтылдым, Неге енді үйретпедің, өзіңсіз ауа жұтуды, Неге мен ғашық болдым, неге тек саған ұмтылдым, Неге сен әдет қылдың, сүйдіріп өмір құртуды.
Мен отырм өлең жазып, яғыни ойымда сенсің, Жүректің қалауы ғой сен бірақ музыка дерсің, Жазаны жүрек берсін, ес-түссіз ғашық болған, Жауапты оқи берші, көзімнен мұңға толған.
Мен саған неге ұтылдым, неге неге неге ұтылдым, Неге енді үйретпедің, өзіңсіз ауа жұтуды, Неге мен ғашық болдым, неге тек саған ұмтылдым, Неге сен әдет қылдың, сүйдіріп өмір құртуды.
Қайтадан айналып, махаббатқа оралдым, Жүректің жартысы сен нге сонша жоғалдың, Мендегі жүрек тоналды, ешқандай қарусыз, Ал енді ойлауда, сол күнді дамылсыз.