Өмір.
Өмір деген - көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып, алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат,
Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.
Үғынбайтын өз ойынан өзгені,
Өз жүрегін өртейтүғын өз демі.
Өмір деген - мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені.
Бекзат Смагулов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1