Сарқылғандай, төзімім сарқылғандай,
Қарағанда қарақат қалпың қандай.
Менде сезім бақыт па?, балалық па?
Айға ұмтылып, аспанға талпынғандай.
Ақ періштем, сен дағы, біздейсің бе,
Бақытыңды жерден келіп іздейсіңбе?
Құдайым-ай, қалайша ұнайын-ай
Мен саған ғашықпын ғой білмейсіңбе?!
Бар тірлікті тәркі етіп, ылақтырып,
Сені іздеймін дамылсыз құлап тұрып
күліп тұрып, сүйем деп, мына әлемге,
Жар саламын, сүйем деп жылап тұрып.
Ақ періштем, сен дағы, біздейсің бе,
Бақытыңды жерден келіп іздейсіңбе?
Құдайым-ай, қалайша ұнайын-ай
Мен саған ғашықпын ғой білмейсіңбе?!
Болатбек Досыбаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2