Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жан Ахмадиев - Қазақпыз ғой [www.mp3zone.kz] | Текст песни

Тек Қазақтың балалары тәшкі сүйрейді базарларда,
Тек Қазақтар еш үмітсіз атырады азандарды.
Сасық қоғам — бөлтірік пен бөрілерден тазармады,
Тек Қазақтар! Тек Қазақтар! Не істеп Қазақ мазаңды алды?!

Тек Қазақтың арулары көрсетіп жүр көтендерін!
Бабалардың өсиеті осылайша өтелмеді.
Бір жапырақ бикиниді іліп алып, Мисс атанды,
Намыстанба, Қазақпыз ғой, әлде досым бөтен бе едің?!

Қазақпыз ғой тепкілейміз, тонаймыз біз Ардагерді,
Ол ардагер біздер үшін отқа түсті, қорғап елді.
Дәл осындай түйсігі жоқ мал, шошқалар көбеюде,
Қазақ ұлттан ұят кетті, мұндай сұмдық болмап еді.

Тек Қазақта ақшасы бар бөлтіріктің бәрі би,
Оған мысал: қатын үшін қанын төккен — Әліби.
Кәсіпкердің тоқалымен ойнас болып, ойланбай,
Таяқ жеді, шу көтерді, басын алып қойғандай!

Қазақпыз ғой таяқ жеген Әлібиді аяп жаттық,
Кәсіпкерді жауыз дедік, оған қара бояу жақтық!
Өз басына бәле тапқан Альфонсты қаһарман ғып,
Тілек айтып, марапаттап, ол жігітке медаль тақтық!

Уақыт өте әңгіменің ақиқаты анықталды,
Әлібидің әкесі де ақша жинап, байып қалды!
Құлағынан айырылған сұлу жігіт — сап-сау екен,
Бұл туралы Интернеттің тілшілері жайып салды

Жан Ахмадиев еще тексты


Другие названия этого текста
  • Жан Ахмадиев - Қазақпыз ғой [www.mp3zone.kz] (1)
  • Жан Ахмадиев - Казакпыз гой (1)
  • Жан Ахмадиев - 123456 (0)
  • Назар - Казакпыз гой 1 (0)
Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 3