Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұржан Жөкенов(G-Staz) - Мен - Қасқырмын... [KZ Sound] | Текст песни

Мен - қасқырмын...

Санам сынады тағы сыр тарқатпай жүрекке,
Қасқырда да болар сірә айтатұғын бір өкпе.
Ал менің ішімде қалды саясатқа мың өкпе...
Жаным кеудемде болса да,тәнім тартты түнекке.

Бірі тәтті,бірі мұңды,бірі сәтті,бірі құнды,
Жүрегімнен жұлып бердім \"өлең\" дейтін тірі гүлді.
Ұнатқанмын қылығыңды,ұнатқанмын бұрымыңды,
Бірақта түсіне алмадым сезім дейтін бір ұғымды...

Тағы да талқыға түссем тағдырымның тосары анық,
Әттең - ай кететін едім өткен күнмен қоса жанып...
Ақ арақтан жұтар едім,алайда ол дос аралық,
Ақ арақтан қалмасыншы аналардың төсі ағарып!

Демеймін тұйықталамын,себебі биік талабым,
Байларға қырсыққанда ақшаны үйіп табамын...
Ал қазір өзім жаққан отыма күйіп барамын,
Мың жанның арманын таптап,бір жанды сүйіп қаладым.

-\"Аспанда өмір сүріп жүр,Нұржан арманға жетті\" дейді...
Бір күні осы ойларың,құрдымға кеп тірейді!
Қойсам да құл боп қалмаймын қарғыс атқан рэпті мейлі,
Тозған заманның өсегі өзегімді тепкілейді.

Қ-сы:
Мен қасқырмын,күшіктерге таланбаған,
Қатал заман қаңсыратса өз жарамды жалап жазам...
Бәлсінгенім емес бұл,сәл сүйгенім демесең,
Тәңір талабы болмаса қойдың да етін жемес ем...

Ұғар болса біреу мені - темір жолдың күрең лебі,
Жығылуға хақым жоқ,палуанмын кілемдегі.
Соққыны ойын көремін,боксшымын шлэмдегі,
Алайда арға тиеді шенеуніктің шіренгені!

Амалсыз біткен ойдың,аяғына нүкте қойдым,
Өмір деген бұл сынақ,барлығы ұзақ күткен ойын.
Аулақпын алдарыңда артықтау көрінуден,
Жаралы бөрімін мен,жаралы бөрімін мен...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-