Күрсінсең баяғыда барым сап күлдірер ем, Сезімім ұйықтап кетті ұдайы мүлгімеген. Кешірім сұрай қалсаң, кешіре беруші ем ғой, Бұл жолы сіз емессіз жанымды тілгілеген.
Түбіме жетсе мейлі осынау менмендігім, Жанға жай таптырмайды өзіңе сенген күнім. \"Ұмыта аласың сен, оңай ғой саған!\" деген, адамға айтыңызшы, қолымнан келгендігін!
Бір болсақ кімге осы тиер ед кесіріміз? Атыммен қалып қойды тіркесіп есіміңіз. Сіз мені түсінсін деп басқаға бере салғам, Сүймей-ақ бірге болу қиын ә? Кешіріңіз! Мақпал Төребек