Қайырмасы: Жоғалтқан ар-ұятын, Бөспелер қанша құятын. Өнер жәрмеңкеге айналды, Шайқылар толы театр. Айтайын саған не ақыл, Қане, сөзіңді тия тұр. Мықты шайырлар жай қалды, Шайқылар толы театр.
1.Ол кезде АҚШ-та елбасы Буш қуақы, Дағдарыстың кезеңі ел белінен үш буатын. Ойдағыны айт ақын, бойда барда күш-қуатың, Кері жағдайда саған айтарым Пішту, ақын. Ауыр кез бұл жүретұғын әр нәрсені тиын етіп, Қымбатсыды шүберектер сәнді үлгіде киінетін. Күйбең тірлік, тіпті үйде тоңазытқыш күйі кетіп, Таза етті алмастырды бұқтырылған сиыр еті. Ақша үнемдеп, ендігі бұрын болған басылды леп, Көк жәшіктен хабарланды небір байлар асылды деп. Тек жарлылар қала берді Жамбыл баба жасын тілеп, Сол кешегі үмітпен ертеңге аттың басын тіреп. Сол уақта жазып бастадым жырларымды төл тілімде, Ол кезде қазақ жырының болмайтұғын көркі мүлде. Енді мені бұл өнерде жығылмайтын жармен теңе, Сән беретін, мән беретін осынау жәрмеңкеге.
Қайырмасы: Жоғалтқан ар-ұятын, Бөспелер қанша құятын. Өнер жәрмеңкеге айналды, Шайқылар толы театр. Айтайын саған не ақыл, Қане, сөзіңді тия тұр. Мықты шайырлар жай қалды, Шайқылар толы театр.
2.Жүрген бірін-бірі жығып, топтары ығы-жығы, Әрқайсы атақты Қазақстан құбыжығы. Ар сатқаннан оңайлықпен жатады өнерді сатып, Ойланып көр, бар ма бұдан да төменгі саты. Бұрын біреу жыр жазса, оның қалдырған ізі дейтін, Бүгін сыншылыққа жақсы, жыр қылуға жүзі, кейпін. Десең егер қауымға біз зиялы, біз элита, Баз біреулерде үреді қызғаныштың қызыл иті. Менен асып түсті деп, шу көтеріп әбігер боп, Жұлдыз дертіне шалдыққан сорлыларға дәрігер жоқ. Сөзі шала, ойы таяз, мән келте, Әлбетте, бұл жай шулы жәрмеңке. Айтылған ақиқатты қайтесің ендігі обал ғып, Тарланның туындылары көрмеген сапа жоғалтып. Әрқашанда мәні бар мықты өлең ізде, досым, Саналы азамат болсаң қатарға тұр, бізге қосыл.
Қайырмасы: Жоғалтқан ар-ұятын, Бөспелер қанша құятын. Өнер жәрмеңкеге айналды, Шайқылар толы театр. Айтайын саған не ақыл, Қане, сөзіңді тия тұр. Мықты шайырлар жай қалды, Шайқылар толы театр.