І-жолы Ешбіріміз армандағандай өмір сүрмейміз, Сәттіліктің шегі бар,қанағатты білмейміз Өмір күрес сондықтан қу басымызды ойлап, Бауырымды шығып,жеңісімізді тойлап..
Қаншама түндер сарғайып шабытымды күтіп, Мен кәсіпқоймын,өз ісімді білемін жетіп. Шабытым жоқ,бәрібір жазуға мұқтажбын, Арым таза сырт көзге көрінсемде азғын..
Балалық шаққа оралғым келеді қайтадан, Өмірімнің шекарасы аспайтын ауладан. Қасымда тек шынайы достар сатқындар жоқ.. Алғашқы маххаббат аяқ дірілдеп мылқай боп...
Түсінемін ересек болуым керек мама, Түсінемін ақыл тоқтатуым керек мама, Күрсінемін армандаған ұл болмадым мама, Сөз беремін қара шаңыраққа ораламын мама...
ІІ-жолы Доссымақтар үшін іздейтін тек керек кезде, Абонент қоңырау шалу аясынан тыс жерде. Алғашқыдай толқимын әр кезекті концертте, Жан жарасын жұқтырам жиналған жүректерге..
Бірте-бірте үміттің орнын басады сенім, Арман мен мүмкіндіктің ажыратып ара шүйкін Менің мақсатым сенікінен емес ерекше, Намысты қолдан бермей,оны қорғау жігітше.
Жеңіске жетсем егер тойлауға келемін мама, Жеңіліс тауып шегінсемде келемін мама, Күрсінемін,армандаған ұл болмадым мама, Сөз беремін қара шаңыраққа ораламын мама...