Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шынгыс feat Айым Когамова - КЕРБЕЗ | Текст песни

Түнгі Алматы жүрегімнің қожайыны,
Сағынышқа бөлейд сарғайып атқан таңы.
Бар болса егер өмір мәні,
Шыңғыс жіберіп алды немесе соқыр болғаны.

Буы бұрқырап қолымдағы кофенің,
Өмірдей бір уақытта тәтті және ащы едің.
Қалама көктем кешігіп келді,
Тоңдырып салқын жауын жауып еді.

Екі жүрек әні ұмытылды,
Шабыт менің тираным қанай беретін құлды.
Саған сыйлаған гүлдерім солды,
Қанды ізімді қалдырып былғап келемін жолды.

Мұқтаж емеспін ақиқатқа,
Сондықтанда ащы шеріңді маған тарқатпа.
Селяви! Күйініш алмасып шаттыққа,
Жалғыздықтан қашқан қалады жалғыздықта.

Қайырмасы:
Өмірдің мәнін...
Мен іздемеймін, жаным...
Күнге ұмтыламын деп
Өртенді қанаттарым.
Селяви...
Тарихымды мен өзгерте алмаймын.
Дауысыңды естіп мен болашақты жоспарлаймын.

Махаббат - дертім асқынған,
Жаным тілегенде табылмайсың қасымнан.
Анашым сипаған басымнан,
Жүрегім жыламайды сенің көзжасыңнан.

Біреу іздер менің сөздерімнен фәлсафа,
Ақылды ма бақытын сыйлаған басқаға?!
Шайқаспай шегінген қашқын ба?
Жүрегім – мұхит, ал өлеңім – тасқын ба?

Кешегі шаттық толы күндер,
Мас болғанда есіме түсер.
Құлағымда Фьюздың қоңыр даусы,
Алматыда себелеп аспанның көзжасы.

Безіп кеткім келед әлемнен,
Шұғылаға жүгіріп батқым келед күнменен.
Өмір деген... – азық үшін күрес...
Прометей сияқты маған жалын әкелді Кербез.


Шынгыс feat Айым Когамова еще тексты


Видео
  • ШЫНГЫС & Айым Когамова - Кербез [solaide.kz] ШЫНГЫС & Айым Когамова - Кербез [solaide.kz]
    ... ШYNGYS & Айым Қоғамова - Кербез Шынгыс Айым Когамова Shyngy... ... Айкын Толепберген ft Al Nasr (GHAD ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1