Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

001 - Қызыл тақия | Текст песни

Қызыл тақия

Жай отындай сіркіреген нөсердің,

Қызыл түсті тақиясы әкемнің.

Аңсадың ба мәңгі келмес әкемді,

Уайымға сен де менше төселдің.

Бұл фәниден ғайып болған тылсымға,

Әкемді іздеп жетімсіреп тұрсың ба?

Қызыл таңның арайындай шапақты,

Сені киіп жарқыраушы-ед күн тұлға.

Қондырумен төбесіне өзіңді,

Қайран иең мәңгілікке көз ілді.

Қызыл тақия, қызыл тақия сағынышым әкеме,

Күн санасам күйдіреді төзімді.

Саған сіңген жұпар исін әкемнің,

Қызыл тақия иіскеп жүріп өтермін.

Асқар таудай иең кетті келмеске,

О, Тәңірім жазмышқа не етермін,

Алла, Алла өзің, жар бола гөр, жасаған,

Жанарыма әкемді ойлап жас алам.

Қызыл тақия құшырлана иіскесем,

Әкем шыға келетіндей тасадан.

001 еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2