Бұл өмірде берілместен талас қайғыға
Сен екеуміз бірге жүрсек жараспайдыма
Алынбайтын қамалдай, бақ құсым боп қоналмай
Еш бір баян табалмай өткен бір дәурен
Жанға жайлы самалдай
Жан құмарым табалмай
Қайта айналып оралмай
Кеткен бір дәурен
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей құлпырасың сен
Ақ сазандай ағысқа ұмтыласың сен
Ертегі деп ойласам шын шығарсың сен
Қасымдағы күн шығарсың сен
Сен күлгенде менің жаным жадырағандай
Жыл құсындай ұшып кетпе бағыма қонбай
Қариядай тасыған, кейде жүдеп жасыған
Барінің де басынан кешкен бір дәурен
Бетегедей беттегі
Таңғы шықтай шөптегі
Ақша бұлттай көктегі
Көшкен бір дәурен
003 Jas dauren еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1