Сәждедемін.. Ақ мандай тиді жерге
Арамызды бөліп тұр бір-ақ перде
Иа, Раббым амалыма ізгі қылшы
Жәннәтіңа үмітті мен бір пенде
Дүние жиып, мүлікті ізет тұтқан
Адамдар жүр арада індет жұққан
Қабіріңде байлығың серік болмас
Бірең-сараң адам ғана мұны ұққан
Көпіріп, ертеңде бар деп сөйлейміз
Жаратқанның үкіміне көнбей, біз
Ертең тұрмақ, бүгін, қазір соңыра
Жан алқымға келетінін білмейміз
Адам үшін бұл тілді де беріпті
Бос сөз емес, тіл пайдаға керекті
Он күнәнің тоғызы тілден болар
Ұмытпайық, ұмытпайық есепті
Бұл өмір болар бізге үлкен сынақ
Амал үшін берілген құлды сынап
Бес күндік бұл фәнидің
Ақіретте жүрмейік зар боп, жылап
Хақты танып, бір Аллаға жақында
Дүние түбі жеткізбейді алқымба
Келген қонақ қайту керек бір күні
Бәрі қалар.. байлық, туыс, бауыр да
Жалғыз ғанаем бар шүбәсіз,
Бұл жалғанда бар ма пенде күнәсіз?
Алла мінсіз, біз адасқан жолаушы
Бар болғаны өлу үшін туамыз
Жүрек кернеп, сыздатады қашанда
Жүріп-тұрып, отырғанда, жатқанда
Хақты таппай, дінсіз өткен әр күнім
Қара басымды.. жаһаннамнан сақта Алла!
01.Арсен Тургамбаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1