Армысың ата әже қариялар Елімнің шежіресі дариялар Армысың ага женгей белестерім Ақылшым маган берер кеңестерін Армысың құрбы-құрдас жолдастарым Өзімнің бірге ойнаған Құрдастарым Осындай ағайынның ортасында ай Өзімше осылай бір ән бастадым
Атасы жақсы қандай-ды оу Перзент қамын ойлайды Перзентім адам болсын деп Қызығына қанбайды Анасы жақсы қандай-ды Қамқорлығы қалмайды Қалқам деп шықса алдыңнан Көңілде қайғы оу болмайды Ағасы жақсы қандай-ды оу Алдыңда асқар таудай-ды ой Сүрінгенде сүйеніш Құлағанда да қолдайды Інісі жақсы қандай-ды оу Айтқан бір тілді алғайды Ақылменен іс істеп Бетіңе күйе салмайды оу Қарындас деген мейман дос Сіра да қапы қылмайды Қиын іс түссе басыңа Туысқан қамын ойлайды оу
Жеңгесі жақсы қандай-ды ааай Шаршап бір келсең жұмыстан Төсегін қалың салғайды ай Келіп тұрса ашуың Айналайын мырзаш деп Басыңнан сыйпап алдайды оу Ағайын жақсы қандай-ды Туысқандығы қалмайды Жездесі жақсы қандай-ды Әкеңнен кемі болмайды оу Нағашы жақсы қандай-ды Үзілген жерде жалғайды Жиені жақсы қандай-ды Бөліп бір жеген Нандай-ды оу
Осының барі бар болса Есің де аман сау болса Айналайын жақсылар Бақ-дәулет келіп басыңа Өзі оралып қонбай ма аааау иги ги гай иги ги гай иги ги гай хоооу