2 Мен білмедім сен мені неліктен тастап кеткеніңді Менің махаббатымды жерге құлатып таптап кеткеніңді Менің махаббатым саған жеткіліксіз болған Осындай махаббат тіпті біреулерге арман
Кешір, жала жауып ақтан таза болмайын Қателік жасаған болсам берсең алам сазайын Бірақ олай жасамадын айтып көргің келмеді Осыдан кейін сүйдің бе сүймедің бе білмедім
Соңын сен ойламадың, әсіресе менің Сүйіп, барымды беріп, ал енді алдандым Сен мен жетеледің тастап түсініксіздікке Ал өзің болса кеттің мүмкін басқа жігітке
Менің қатем болар жақсы қарамағаным Сол себептен сені мықтап ұстай алмадым Өкінішпен жүрмін, өткенді сағына Біліп жүргін, барым едің жаныма
Қайырмасы: Білем, айналаңда қаншауы бар Соларға сеніп сен қалған Біреулер бір-біріне жаралған Сонда да мендейін таба алмассың
3 Қараңғы түн түн айдың бейнесі ашық Отырмын ойланып әлде ойға батып Не істеу керек енді кеттік айырылысып Жалғыздық денедегі кенет кетті өршіп
Қалай болды арамызда не болды? Көкейіңде адамдықтың барлығы таусылды Нәзік жүрегіңді қаталдылық жаулады Ондай қылықтарың қайдан пайда болды?
Бара бара шындықтардың көзі ашылды Менен жасырғаның аяғында шашылды Болды жетер көп сұрақ керек емес Ол сұрақтарыма ешкімде жауап бермес
Бос сезім сенікі ал мен соған алдандым Сұлу бірақ қатыгез көздеріңе алдандым Будай ғайып болды енді біздің байланыс Сезімімде енді жоқ ешқандай қозғалыс