Бақыттың кілті дейді, айтпаңдар жоқ нәрсені, Бақыттың кілті болса, тіршілік тоқтаушы еді. Айтылған әрбір сөзің, атылған оққа серік, Бақыттан құр қаласың бағытсыз досқа сеніп.
Сезімнен құралғанда, сөзің де солмас еді, Шегі жоқ құр арман ба, алдады ол да сені. Шынымен бұл жалганда, бақыттың кілті болса, Жібек пен Төлеген де, бақытсыз болмас еді...
Бақытты іздемеспін,жыр жазған дәптерімнен, Іздегім келмейді оны, балы жоқ тәтті еріннен, Тереңге жүзбесем де,өмірге «Қап» дедім мен, Бақытты ізде сен де, бақытсыз сәттеріңнен!
Тіршілік тоқтамайды, таң атып түн кіреді, Алайда жетімдердің, жағдайын кім біледі?! Мылқаулар өздерінің, бақытсыз екендігін, Сөзімен болмаса да,қолымен білдіреді...
Жердегі жебір пенде, бақытка тоймасы анық, Біреуі жүр әнекей, бақыттан қойма салып Бір жерде ащы жастар, теңіз боп төгілсе де, Бір жерде керісінше, жатады той жасалып...