Асқақтата салғаным- ай жайлау әні, Баққан малым жайлаудың болған сәні, Маржан-ай. Қай жерімнен мін таптың қалқатайым, Менің жазған хатыма жауап кәні, Маржан-ай! Кездескен күн есімде, Айлы жаздың кешінде. Еске сақта, қалқатай, Айта берем ай несіне. Жайлау қандай, мал қандай, өзім қандай, Көрген адам біздерге таңдағандай Маржан-ай! Жалғыз жүріп есіме сен түскенде, Қарсы алдымнан болады шам жанғандай Маржан-ай! Кездескен күн есімде, Айлы жаздың кешінде. Еске сақта, қалқатай, Айта берем ай несіне. Кездесіп ек колхозда айлы түні, Құлағымнан қалқаның кетпейді үні Маржан-ай! Шығасың ба, алдымнан шықпайсың ба, Москвадан жұлдыз ап келген күні, Маржан-ай! Кездескен күн есімде, Айлы жаздың кешінде. Еске сақта, қалқатай, Айта берем ай несіне.