Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

✿ 11 Sura - Hud | Текст песни

Әлиф Ләм Ра. Бұл аяттары бекітілген бір Кітап. Сонсоң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген. (1)
Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге Оның тарапынан қорқытушы, қуандырушымын. (2)
Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын. (3)
Қайтар жерлерің Алла жақ. Ол, әр нәрсеге күші жетуші. (4)
Естеріңде болсын. Олар, Одан жасырыну үшін кеуделерін бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрнеу, көмес істеген нәрселерін біледі. Расында Ол, көкіректегілерді толық білуші. (5)
Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән. Ол, олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта. (6)
Ол Алла, қайсыларың жақсы амал істейді деп, сынау үшін көктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыдан кейін су жаратылған). (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер өлгеннен кейін тірілесіңдер” десең, кәпірлер: “Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес” дейді. (7)
Егер олардан азапты белгілі бір мерзімге дейін кешіктірсек, әрине олар: “Оны не тосты?”,- дейді. Сақ болыңдар! Оларға азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді. (8)
Егер біз адам баласына мәрхамет нәсіп етіп, сонан кейін оны одан алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер үзіп, өте қарсы келеді. (9)
Алайда оған тиген зияннан кейін, нығметтерімізді таттырсақ, әрине: “Ол жамандықтар менен кетті” деп, күдіксіз ол қуанып, мақтанады. (10)
Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшін жарылқау және зор сауап бар. (11)
(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкім сен олардың: “Оған қазына неге түсірмейді? Яки онымен бірге періште неге келмейді?”,- деулеріне көңлің тарайып, уахи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Алла әр нәрсеге кепіл. (12)
Немесе олар: “Құранды өзі жасады” дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер” де. (13)
“Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?”,- де. (14)
Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды. (15)
Соларға ақыретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа. (16)
Раббынан ашық бір дәлелі болған және оған жалғас куәсы да болған сондай-ақ бұрынғы жетекші әрі игілік түріндегі Мұса (Ғ.С.) ның Кітабына ие болған кісілер, міне солар, u

✿ 11 Sura еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1