[Ashok] Әне, қанша айтқанмен, бәрі құр, босқа, Қаңғырып қалд(-ы) айдалада, қасқа. Өсек, өтірік баста, өмірі тым басқа Көрмейді оны, бәрі алжыған жаста. Сыртынан қарапайым, ішінен керім албасты, Таңсыққа беймәлім, жан дүниесі тым жақсы. Салыстыруға келмейд(-і), оған ешкім мән бермейд(-і), Өз-өзін жарнамалады, ал енді хит. Жоқ, оған айтпа, әрине айтпайм(-ын), Мына отыр оған жайып, сенің сөзіңді айнытпай. Тесік алақандар немесе жетім сөз Қайтеді енді, құлақ естиді, көреді көз. Өсекші, өтірікші, өркениеттен қалғандар, Тек қана екі жолмен сендерге айтарым бар! Тіліңді тісте, тозақта ілінетін, Өсекші, өтірікші, нағыз малғұндар
Қайырмасы: Малқора малдарға толып кеткен, Өмірдің өзі құлатады екі бетпен. Кектеніп, ештеңе таппайсың, Бәрібір жақпайсың, Солардыкы шындық деп, соларды жақтайсың.
[Stalker] Елеңдеп құлақ түріп сыбырлаған әңгімеге, Фэйк ашып біреуді даттау қазір не сәндіме не?! Біреу кеп қадамай тұрғанда жағыңды қарыстыр, Аузыңдағы ұзын тіліңді жыланмен жарыстыр. Жаратқанды ұмытпа, әр ісіңді бақылайтын, Тіліңе абай бол! Жөнді бір ақыл айтам. Тіліңмен асып кетеді көзіңді бақырайтып, Сен алысқа бармайсың сырттан ғайбат айтып, Қаптады фэйктер, орыс құрлы кейіпте, Олар бұл жолда түлкінің кебін киіп келд(і) Олардың кеңістігі малқора, малдарға толы Біреуді талқылайды танып білмей оң мен солын Шындықты шымырлатқанда үнсіз шешілед(і) тоны Сенде алланың құлысың түсін соны Қоя сал жақсылыққа апармайд(ы) бұның жолы Болды айтып біттім сөздің соңы.