1. Жоқ, енді мен басқамын, мен сені тастадым, Керек емес жылы сөзің, күтеді мені басқа үн... Ойың бөлінбесін, сүйеді деп өзгені Сен мені қаламадың, ал мен тек сені көздедім. Естімей қалатындай, артымнан сөйлеме! Олар толқын тартатындай, жаяды бәрін өзгеге, Қабырға артындағы үн... Тыныштық... Шын мәнінде, сезім үшін біраз ұрыстық. Сен менің артымнан жүгірдің, ал мен сенің артыңнан... Ойлама, қорқады деп... [қатыннан] Сен бриллиантсың, қымбат, өте сирек, тіпті жоқ, Кешір, бірақ, сен сияқты жасандылары көп. Әрине, ренжідім, қиналдым, бәріне шыдадым... Бірақ, ең соңында, қоштасарда сені қимадым. Менің қазіргі махаббатым - ең керемет адам, Себебі, мен сенен өтіп, алға аттадым қадам.
Қайырмасы: Енді мен үшін... Қараңғы түн, тұманды күн... Қайта, бұл - жан айқайы... Қабырға артындағы үн... [x2]
2. Тоқтат, осы да жетед[-і] енді, Сөзіңді шығын қылма, Жарайды, сен жеңдің... Мен үшін қымбат жан едің, айды алып беретіндей, Сен де саған лайық едің, соңымнан еретіндей. Қайдағы махаббат?! Жас кезде - әдемілік, Уақыт өте түсінесің, одан әрі - кәрілік. Бір жерде өмір сүреміз, Арамыз биік қамал... Саған жетпейтінімді біле тұра, көзден жас тамар... Бұрын танымайтынмын, қазір жақын адамға айналдың, Бұрын сүйгеніңді естіп, қаным қатты қайнады. Өзгенің қатесін түзеуге шеберсіңдер, әйтеуір, Ал, мен айтсам: \"-Ақылсынбаш[-ы]\", - дейді, енді қайтемін?! Қара да тұр, сезімің оянғанда, менікі өлед[-і], Әлде, керісінше ме еді?! Менікі оянып, сені көред[-і]. Басқалардікі өзгеше, жұлдыз секілді сөнед[-і], Сенікі уақытша сезім ғой, ал, менікі тым бөлек...
Қайырмасы: Енді мен үшін... Қараңғы түн, тұманды күн... Қайта, бұл - жан айқайы... Қабырға артындағы үн... [x2]