Көршілердің жарқын сыңғыр күлкісінен Атып тұрдым түн ішінде мен ұйқымнан Тағы айрылдым көріп жатқан тәтті түсімнен Түс пен бірге мазам қашты сол ұйқыдан Тұрдым дағы стенаны даңғырлаттым Шығып жатыр қыздар жақтан сан ырғақ үн Естілгенде Сабина қыз сенің күлкің Жарқын үнмен ашуыма сабыр қақтың
Жайнап шықты көңіл күйім естігенде күлкіңді Жымыйып мен елестеттім сенің күлген көркіңді Өткен жолы ренжіп едің жазған шумақ азақ деп Тағы жазып басайын мен реніш деген өртіңді Сыр шертуге болады сұлулығың жайында Теңер едім өзіңді мен жайнаған ақ қайыңға Сабина сені әдемі деп Адик досқа мен айтқам Алғаш сені көрген кезде күздің қазан айында Содан бері достарым менің бір өзіңе құнықты Бейба досым көріп сені футболды да ұмытты Екі досым бірі тілге бірі сеніп пресске Үзбей жүр ғой бауырларым сендей қыздан үмітті Сені енді көру үшін барып жүр ғой "таразға" Бар шындықты жаздым міне болсада қалжың қағазға Достығымыз бұзылмасын әрқашанда біздердің Қалсадағы ащы шандық жазылған мынау қағазда
Құндыз
Құндыз атты бір ару бізге ренжіп қалыпты Жазған қалжың өлеңді көңіліне алыпты Инабатты ибалы, өзі сондай сүйкімді Имандылық жолында таңдаған тура бағытты
Әзілдерді көтерер, батырлармыз ноянбыз Таңертеңнен кешке дейін ұйқыны біз соямыз Сізге ренжу жараспас біз сияқты ұлдарға Енді бірақ ренжісең біз ойнамай қоямыз