Махаббат ұшқындары Қолыма қаламды алып тректі жаңа бастадым Махаббатты тақырып қып жүрегіме тастадым Жас болсада жүрегім көп нәрсені көргендей Тұла бойым сырқырап сезімдерге көнгендей Бір қызға емес екі қызға қатар ғашық болдым Екеуіне тезірек "сүйем" деуге асық болдым Махаббаттын жалыны жүрегімді өртейді Біреуін тастап жүрегім біреуімен жүр дейді Қанша дегенменде балалық сезім ғой әлі Екеуін қатар сүйген өзім бәріне кінәлі Енді міне отырмын біреуін тастай да алмай Жүректегі мазалайды махаббаттың сұрағы Жүректегі сезімдер арнасынан шығады Тасиды толқиды енді қайда барады Жарты жүрек екі сезім ортасында қалғандай Екі жүрек адаспай бір-бірін қалай табады Шыны керек бұл сезімнен басым менің айналды Махаббатқа уланып қойдым сабақ ойлауды Жүрегім жарылып кетпейтін болса жақсы еді Қоймас пе едім біреуден сезімдерді ұрлауды Темекінің түтіні секілді екен бұл махаббат Никотинде сезімдердің ұшқынындай жалғанат Бір қолдансаң бас тартпас сезім бе екен аяулы Махаббаттын арбауына түсіп қалма жаяулы Шексіз көңіл, үнсіз сезім қинайды жүрегімді Қалай айтам астан кестен жанар таудай сезімді Түсінер жан бола мекен ыстық нәзік жүректі. Түсіне алмай келемін неге сүйдім екеуінді Кете алмай көз алдымнан сендердің бейнелерің, Жайнайды да көктем кейіп қара торы көздерің. Бұртиып қабақ шытқан жүздерің басқа Сәнің тек сол баяғы жаңа туған марқасқа Өртеніп барады ғой армандаған жалғыз жаным, Сендерді ойлауменен күлкіден де арылғаным, Еске алып қайта-қайта сызылған сөздеріңді, Біреуінді тастасам ренжімеші жалынамын. Мен ұнатқан ару қыз жүзін неткен көрікті ең? Қатып қалған мұз жүректі сезімінмен еріткен. Сені біреумен көрсемде қызғанамын неліктен Ашып айтпай,құпия қып,махаббатты сыр еткен. Сен ғажапсың жанын сұлу жүрегімді еліткен Айырылғым келмейді таң қалдырар серіктен. Сүйсе дағы менен басқа жанды маған бәрібір Мен сонда да қол үзбеймін сезім атты үміттен!