Ауа райы суық болсада жылу бар кеудемде, Кеудемде нәзік жүрек жарты бөлігі сенде. Рұқсатыңсыз сенің бақытты қылам өмірде, Не білгің келеді бәрі жазулы көзімде.
Жетпейді тіл байлығым сұлулығыңды салуға, Сол сұлуғың шабыт береді өлең жазуға. Кірпігің дірілдеген жанарың күлімдеген, Ғажайып сенің бейнең мұз айдынын еріткен.
Мұңға толған болатын өткен күндерім менің, Күлкісіз көңілсіз қараңғы кештерім менің. Осының бәрін жалғыз өзің ғана өзгерттің, Көңілімдегі солған гүлдерді гүлдеттің.
Барымды берер едім мәңгі сенімен болуға, Тырысамын мәңгі сүйіктің болып қалуға. Есімізді жоғалттық әлемінде махаббаттың, Қиялға батқанда болмапты адам тоқтататын.