Шаршадым деп айтпаймын, Көңілімді тастай берген адамдардан жалықтым Бір бөлмеде жалғыздықтан қамықтым Бұл өмірге келерімнен алдын,өмірімді
Осылай жоспарлап жазыпты қыйсықты түзелмес Жанжағымда жүрген адамдардың Олардың ойы қызық емес Менің әлемім мүмкін түзелер,
Мүмкін ешқашан,түзелмес Бір жанарға қарап ақ,оны айнадан көріп Күнде өлтіргім келеді соны Күнде өлтіргім келеді соны
Өз өзімнің,өз ойымнан өз қолдарыммен Өз өзіме дұшпанмын мәнгілікке,мәнгілікке Өз өзімнің,өз ойымнан өз қолдарыммен Өз өзіме дұшпанмын мәнгілікке,мәнгілікке
Көңілім көктемді көрмес,көрмес Ол түнектен орын алған Жұбатылмас менің қырсық тәкәппар мінезім Кір жүрегім қара жерге ұзақ ғасырларға көмілсін
Кеудемнен,жанымды жұлып алда Оны қарғысыңа салда мәнгілікке түннекке тастада кет Мен сүйген жандарды ең әсерлі нұрыңмен,әсем ет Өтінемін тілегімді қабыл ет,ең соңғы рет!
Өз өзімнің,өз ойымнан өз қолдарыммен Өз өзіме дұшпанмын мәнгілікке