Сәлем, саған да жеттім бе? Арманым тура жолда орын алды қақ төрден. Мен-ақ сенгем, мен жақсы білем, Арманым орындалды оған мен іштей күлем.
Қош бол, Атырау! Алматы, енді саған салам! Қош бол, туған жерім, басқа жаққа кетіп барам. Сағынам қатты бәрің Сағынам салқын ауаңды. Құшақ жайып қарсы ал келгенде қара балаңды. Сәлем, анашым! Қарындастарым қалай? Салаумалейкум, папа, менде бәрі ойдағыдай. Кетіп барамын алыс, бұйырса, қайта келемін. Сіздерді ұялтпаймын, мен өзіме сенемін. Индербор-атыңды шығарамын аспанға! Аспанға көтерілем өмірім бапалдақ. Кетіп барамын Индерден көзді жұмып-ашқанда, Аз қалды, Алматы, құшағыңды аш жастарға! Маған ұнайды Арал Күн сайын билеп жүрген. Маған ұнайды парк Ешкім жүрмесе де мүлдем. Маған ұнайды мост, Маған ұнайды бәрі. Суоеттерімді қарап, тұрамын еске алып.
Сағынам сені ауданым, Есіміңді талайына мен тағы аудардым. Менің ауданым, Маған өте ыстық келеді. Иә, мен сені жақсы көрем осы себеп.(x2)
Бұл менің түсім бе, әлде расымен солай? Бала күнгі арманым орындалды ма сонда? Мен өте бақыттымын Бақытты жандардың қатарындамын. Достарым жанымда және ап-ашық менің аспаным. Алматы-арман қала... Мен әлі сонда болам емделгенше жарам. Талайдың басты арманы болған сол жаққа бару, Ал мен сол жақтамын, Енді жетіспейді ару. Алматы-тербетіп сенің әлі бесігіңді, Жауып жүрем артыңнан торсынан есігіңді. Көрейік жемісіңді жинаған біраз жылдар. Мені биікке көтер, мені әрқашан қолда! Таусылмай өмір-дастаны жыр жолдарым саған ғана. Менің ауданым маған Бауырым! Мыңнан дара. Есейіп ер жетіппін, бала күндерім артта. Шегінуге жол жоқ, Қарама енді артқа!
Сағынам сені ауданым, Есіміңді талайына мен тағы аудардым. Менің ауданым, Маған өте ыстық келеді. Иә, мен сені жақсы көрем осы себеп.(x2)