Көгімдегі айым дейін сені Көкшедегі қайың дейін сені Көзден ұшып жырақта жүрсең Шам шырағым күнім дейін сені Әнші бағым гүлім дейін сені Өзіңмен бір жұмаққа кірсем
2. Сағынғанда саялайын сені Аққуымдай аялайын сені Айдынымда қалықта жаным Бала қаздай мәпелейін сені Жаңа өмірге жетелейін сені Жаныма кел жабықпа жаным
3. Аппақ таңдай тілегімде өзің Алатаудай тірегімде өзің Жер бетінде қатар жүргенде Қол ұстасып бірге күн кешейік Қол ұстасып бірге үндесейік Атар таңға бақыт күндерге