Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырың қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Сүймеген сені азамат, азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа.
Ainagul Zholdaskyzy еще тексты
Другие названия этого текста
- Ainagul Zholdaskyzy - Айжан Балжан Қарлыгаш - Қазақ қызы (0)
- Ainagul Zholdaskyzy - Айжан Булбул Қарлыгаш - Қазақ қызы (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1