Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

-Ak0- ЖАН АХМАДИЕВ / Smitty - Мен қазақпын | Текст песни

Мен қазақпын сақтаған қазақтығын,
Артта қалды келмеске азапты күн.
Тəуелді боп жүрсе де тағдырына
Жеңе алмаған ешқашан қазақты мұң.
Мен қазақпын, қаруам - қазақ тілім,
Мақтанышым ол менің азат туым.
Қуғын сүргін көрсе де мойымаған
Жыға алмайды ешкім де қазақ туын!
Мен қазақпын кеудемде жан ашуан,
Емдейді жүрегімнің жарасын кім?
Аманатын бабамның арқаладым
Мен өлсемде өлмейді ғой аңа тілім.
Мен қазақпын ант берем сатылмауға,
Ант беремін шындықты жасырмауға.
Ақиқатты жасыру мүмкін емес
Заманауи жыраулар ашынғанда!

Қайырмасы, кезекпен, 2 рет:

Мен қазақпын, қанымда қазақтығым,
Мен қазақпын, қырандай қанаттымын.
Мен қазақпын, жасай бер қазақ тілім
Бізден басқа жырлайды қазақты кім?!

Smitty part 2:

Мен қазақпын жігерлі халқым барда,
Ант етем қай кезде де тартынбауға.
Қазақ болып өмірдің есігін аштым
Хақым жоқ жарқын болашаққа талпынбауға.
Мен қазақпын қазығы тұғыр алтын,
Əр сөзді астарынан ұғынатын.
Ана тілді анам деп ардақтаған
Қазақпыз ғой егеменді жүзі жарқын.
Мен қазақпын бəріне төзіп келген,
Талай тартыс-шайқаста беріспеген.
Көк байрағын елімнің көкке көтеріп
Əн ұранын шырқаған жеңіспенен.
Мен қазақпын бір туған намыспенен,
Намысымды тастамай алып келем.
Отан үшін егер де қажет болса
Жүрегімді суырып алып беремін!

Қайырмасы, кезекпен, 2 рет:

Мен қазақпын, қанымда қазақтығым,
Мен қазақпын, қырандай қанаттымын.
Мен қазақпын, жасай бер қазақ тілім
Бізден басқа жырлайды қазақты кім?!

Другие названия этого текста
  • ЖАН АХМАДИЕВ/Smitty - Мен Казакпын (2015) (0)
  • -Ak0- ЖАН АХМАДИЕВ / Smitty - Мен қазақпын (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-