Уақыт деген, шіркін-ай, өз қалауын жасауда, Өткенді еске аламын бәрі артта қалса да. Артта қалса да менің ұмытылған махаббатым, Сол күндер де төгіп тұрады жиі шапағатын. Ұмыттың ба мені, мен де сені ұмыттым, Жылыттың ба өзгені, мен де өзгені жылыттым. Сен маған керек емессің, әрине, соны ұқтым, Басында мен сені жоғалтуға қорқтым. Әрине, өз таңдауың, кіммен сен боласың, Кімнің басына барып бақыт болып қонасың. Еске аламын жиі-жиі сол күндерді, Байқап салыстырсам, көп нәрселер өзгерді. Өзгерді менің саған деген көзқарасым, Сезім де тұрақсыз, еркелеген баласың. Кімнің басына бақыт болып қонасың?