Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

AL` MARUF[A.S.A] feat BaGi & BALLER(11BLOCK) - Uakyt bole almadym!!! | Текст песни

Енді бәрі бітті
Күңіренген күз, талдан жапырақ үзіліп түсті,
Сол секілді арамыз бұзылды, қолымыз үзілді.
Тексердік сезімді, ғұмырым мәңгі емес,
Қимасам да, қиналсам да қауышу мүмкін емес.
Білем, кінәлі мен, саған уақыт бөлмеген,
Жүрегімде қалып қойды өкпелеген бейнең.
Сенің бақытың өзгемен, мен кетем өз жолыммен,
Қолда бар алтынның қадірін білмеген екем.
Қайта келмейді өткен шақ, енді бәрі бітті,
Сезім гүлдейді әуреге салып жүректі.
Есімнен өшпейді, санамнан кетпейді,
Енді бәрі бітті, қос жүрек бірікпейді.

Қ-сы: (x2) Уақыт бөле алмадым, жаным, саған көбірек,
Енді бәрі бітті, бізге енді не керек?
Сен енді маған бөтенсің, өз өмірің бір бөлек,
Сырттай сені көргенде сыздап жылайды жүрек.

Саған көп уақыт керек, менде уақыт өте аз,
Енді бәрі бітті, жалғыздық – бұл ойында жеңімпаз.
Ескі естелікке оралудың қажеті жоқ,
Саған махаббат керек, ал маған керек Hip-Hop.
Дұрыс жағынан қара, менде де жүрек бар,
Мен де сүйе аламын, жай уақыт өте тар.
Уақыт бөле алмағаныма кешірім сұраймын,
Шын сүйгеніңді табуыңды мен қатты қалаймын.
Бағалаймын қатты мені түсініп күткеніңді,
Сезіміңе дұрыс жауап бермесем де жүргеніңді.
Мені ұмыт, сен бақытыңды табу керексің,
Басқа бір жанмен арманыңа жетесің.

Қ-сы: (x5) Уақыт бөле алмадым, жаным, саған көбірек,
Енді бәрі бітті, бізге енді не керек?
Сен енді маған бөтенсің, өз өмірің бір бөлек,
Сырттай сені көргенде сыздап жылайды жүрек


AL` MARUF[A.S.A] feat BaGi & BALLER(11BLOCK) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1