Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Aldaspan - Uly kosh | Текст песни и Перевод на русский

Астана мәңгі көркі де сәнді

Шаттанып бүгін айтамын әнді

Қазағым елім керегі бізге

Рухыңды көтер бірлігіңді ізде



Ислам мәңгі санаңда сабақ берсін саған да

Күлімдеп өткен анаң да, Дүрілдеп кеткен бабаң да

Құбылаға қол жайып құл болмаған харамға

Дін салтыңа берік бол аума төкпе заманда



Керей менен Жәнібек, Хақыназар, Абылай

Тура жолда Тәукехан жазған жеті жарғыдай

Қасымхан мен Есімнің есте болсын жолы ұдай

Әбілхайыр, Жолбарыс, Қабанбай мен Бөгенбай

Сырым менен Жанқожа, Сұраншы, Саурық, Спатай

Ер Қарасай, Райымбек, Шапырашты Наурызбай

Исатай мен Махамбет, Кенесары бағым-ай



Ержүрек ерім бірлікке баста

Дәстүрің барда ешқашан саспа

Ыдырап жүрмей ынтымақ артса

Тұғырда басқа, ғұмырда басқа



Тыныш жатқан елімнің берекесін қашырған

Сабақ алам бүгінде өткен қилы ғасырдан

Ұрпақ өсіп келеді арманы бар асылдан

Жүрегінде оты бар жаралғандай жасыннан

Төле менен Қазыбек, Әйтеке бар тағыда-ай

Дулат, Мұрат, Сүйінбай, Абай, Шоқан, Ыбырай

Біржан, Ахан, Балуан-ай, Жамбыл, Мәшһүр, Ғұмар-ай

Алихан мен Ахмет, Міржақып пен Мұстафа-ай

Мағжан менен Жүсіпбек, Смағұл мен Тұрар-ай

Дәулеткерей, Тәттімбет, Құрманғазы, Дина дай

Күләш пенен Қанабек, Құрманбек пен Шара дай



Айқындап бәрін бағамдаған да

Өткенді ойлап алаңдағанда

Қуанам бүгін бүтіндей елдің

Ырысы ортақ саған маған да



Адамзатты тең тұттық парасатты таныдық

Дос көңілін бағала ақ пейілді анық ұқ

Татулықты ту еттік, тілді темір қазық қып

Азаттықты ардақта қол жеткенде сағынып



Мұхтар, Қаныш, Бауыржан, Қасым және Қалижан

Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Әбең, Мұхан, Әбілхан

Сырбай, Жұбан, Төлеген, Шәмші менен Жұмекен

Мұқағали, Нұрғиса –асыл екен, шын екен

Шәкен, Сұлтан өнерін жалғастырар жастарың

Дінмұхаммед тұлғасы-Алатаудың асқары

Нұртас пенен Жұмабек –елімнің биік асқағы

Арайлап атты алыстан азаттықтың жас таңы

Көші түзу елімнің бейбіт бүгін аспаны

Төртеу түгел болсын деп елге ұран тастады

Ұлы көшін қазақтың Елбасы өзі бастады

Ұлы көшін қазақтың Елбасы өзі бастады

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -