Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Aldaspan - Көңіл шуағы | Текст песни

Слова: Ибрагим Исаев
Музыка: Шамшаддин Омаров

Көңіл-күйің жақсы болса ырзасың
Көңіл-күйсіз, жүрегің де қорғасын.
Көңіл-күймен жүрген кезде,дос түгіл
Дұшпаның кеп,амандасса,ырзасың.

Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,
Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!

Көңіл күймен қараңғы түн арайлы,
Жұлдыздар да жымың қағып қарайды.
Көңіл-күймен қыстың өзі көктемдей,
Жүрегіңе бір жылылық тарайды.
Көңіл-күймен салған ән де әсерлі
Көңіл-күйсіз жібересің есеңді.
Әр күніңді көңіл-күймен өткіз де,
Келер күнді көңіл күймен тос енді...

Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,
Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-