Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ali NayMan feat ШYNGYS - Сүйемін | Текст песни

Суық қыстың уақытында мен өзіңе ғашық болғам,

Су құйылған құмырадай мен бақытқа болдым толған.

Қырау басқан кеудеме мәңгі көктем оралған,

Купидонның ақ жебесі жүрегіме қадалған!

Енді саған мен боламын қорғаушы да, періште,

Құшағыңда болсам егер жатқандаймын пейіште.

Бас тартпаймын өзіңнен болса тіпті күйініште,

Бөлісуге мен дайынмын қайғымен де қуанышпен.

Үмітімнің шамшырағы шаттана лапылдайды,

Сұлу келбетіңе сенің қараудан көз тоймайды.

Тек өзіңсің таңдаған, тек өзіңсің аңсаған,

Қылмыс емес құшағыңа сенің ыстық ұмтылғаным!

Қайырмасы:

Сүйем!

Сүйем деген аруым!

Сүйем!

Сүйем дегені арманым!

Сүйем!

Сүйем деген аяулым!

Сенемін, сеземін боласың сен қасымда!

Аяулым, есіңде сақтап ал, мен кіммін?

Мен саған енді қорғаушы-періштеңмін!

Қажет болса жаным-ау мен сен үшін өлемін,

Қажет болса жаным-ау мен сен үшін өлтіремін.

Жоғалсаң онда жерді көкке төңкеремін,

Айыпты болсаң бар кінәні өзім көтеремін.

Қажет болса сұрама, жәй ғана еркелегін,

Көздеріңнен сенің тілектеріңді түсінемін.

Қасымда болмасаң қайғыра күрсінемін,

Өкпелеттім көп... өкінемін,

Қане келші құшағыма, қандай тәтті еріндерің,

Дәл өзіңдей бойжеткенмен бұл өмірде кездеспедім.

Қане келші, қане келші, келші қане қасыма,

Рұқсат берем мен өзіңе шыға бер менің басыма.

Менің қояр талабым бар: мені сен тастама,

Ақ төсекті менен басқа ешкіммен сен ластама.

Ешқашанда араласпа менің жұмысыма.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-