Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ALi - Аққуым | Текст песни

Аққуым

Сезім жайлы, мүмкін, 812-ші парағым,
Махаббатқа жаным жақын, жырлағым-ақ кеп тұрады.
Сендей сұлу болған кезде қалайша мен толғанбаймын,
Сезімің сенің сирек, емі жоқ қой, қорғанбаймын.
Айтуға ұялмаймын, қиял шомып қиялдаймын,
Сен жүргенде көз алдымда жер-жаһанға сыя алмаймын.
Аққуым қара түсті айдыныма көп қонбайды,
Жігіттер көп қой, жаным-ау, сені баурап көп алдайтын.
Қою көзбен қарайтын пәк махаббатқа баулайтын,
Назарыңа түсе алмадым, қос қолымда аялайтын.
Мінезің болаттан екен қызып мүлдем жылымайтын,
Сен де құрбанысың ғой махаббаттың аямайтын.
Өз-өзімді кемсітіп мен қадірімді жоғалтпаймын,
Тәкаппарлансам да қанша шекараңды көп аттаймын.
Уланып қалсам шарапқа, қоңырау шап көп оттаймын,
Аққуым-ау қара түсті, мен өзіңді көп жоқтаймын.

Қ-сы:
Мен өзгемін, сен басқасың,
Қанат қағып көп ұшқасың.
Аққуым менің, қара болсаң да,
Мен үшін дара, сен басқасың.
Ақ құсым едің, қайта қонбайды,
Сендей ешкім бола алмайды.
Өмір деген бір ағысты,
Қарсы бағытта ешқашан ақпайды.

Айтылмаған сөздерімді айтамын деп айта алмаймын,
Таң атса, сені ойлаумен тым лезде қаста қарайдым.
Тау шыңына түскен бұлттай ашулансам тез тараймын,
Қарауға саған болмайды, көз қырыммен жай қараймын.
Ауыстырдың серік қылып, жігіттерден шаршамадың,
Бүліндің ерте, жаным-ау, өмірді сен бастамадың.
Мен сені тастамадым, сен де мені тастамадың,
Жұрттың өтірік сөздерін біреуін де растамадым.
Жаның ынтазар болды түнде ұшуға сенің,
Құшағымда жиі алдадың, сүйе алмадың сен мені.
Өзіңді мен сүйіп тұрып амалсыздан босатып ем,
Кешірерсің, қинап қойдым, қыз тағдырын жылатып ем.
Жетістің бе бостандықта, қолды болып әркімге,
Ояндың да түнеп тұрып төсектерде әр түнде.
Арың таза аққуым ең, балапаным, аппағым,
Қарайды ғой түсің сенің, жүректегі дақтарың.

Қ-сы: (х2)
Мен өзгемін, сен басқасың,
Қанат қағып көп ұшқасың.
Аққуым менің, қара болсаң да,
Мен үшін дара, сен басқасың.
Ақ құсым едің, қайта қонбайды,
Сендей ешкім бола алмайды.
Өмір деген бір ағысты,
Қарсы бағытта ешқашан ақпайды.

ALi еще тексты


Другие названия этого текста
  • ALi - Аққуым (0)
  • BaGi - Аққуым (0)
Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2