Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Alty - Жолдар | Текст песни

ALTY – Жолдар
Шумақ 1

Өмірде не болмайды қарап тұрсаң сыртынан
Бірде жақсы бірде жаман алма-кезек ағылған
Қайтесің осыларға себеп салып ойламасаң
Қайтесің қолыңдағы барыңды егер жасамасың

Есімде құрылыстан пайда тапқан күндерім
Есімде әр еңбектен тәжірибе алып жүргенім
Бірақ бұл әрекеттер лайықты іске айналмады
Сондықтан жаныма сай жұмыс маған табылмады

Арманға арман тола өлең жазып шабыттана
Күндермен айлар өтіп қалдырып жылды артқа
Осылай сапар шегіп өмірдің бұл жолында
Әкелді мені, осы өнердің бір жолына

Содан бастап мен, өз жолымнан тайынбадым
Міне ғой менің болашағым, менің арманым
Ардақты мақсатқа сеніммен қадамым
Шын жүрекпен осы жолды шешіммен қаладым

Қ-сы:
Жолдар қайда апарады бізді, қайда
Айтшы бауырым, тағы қайда
Адасып жүрсек біз, О жаратқан
Түзу жолға, бағытта

Шумақ 2

Кімсің сен? біреуге емес өзіңе
Жеттіңбе жетістікке биік шыңга көздеген
Амансыңба жалпы, қалдыма сол қалпың?
Боз бала боп ұмтылған, арманыңа қатты

Кеудемде бітпейді демім өмірге мен бүгін ғашық
Достарым барда, таулардан кетемін асып
Ертеңгі күнге сенем, жүрмеспін ауырдан қашып
Менің жеке таңдауым, өзіңдей толқыған тасып

Әрине ол кезең маған оңайға соқпады
Дәрменсіз күндерім шексіз мұңдарға айналды
Қолыңнан келіп тұрып, жағдайың болмаса...
Суыққада төзерсің бар амалың қалғанша.

Бірақ бұл әлі соңы емес тек ғана басы
Ертеңімде не күтеді? Болжаусыз қараңғы,
Парақ пен қалам барда әрі қарай шертемін
Қолымнан келер істі өрлете беремін

Қ-сы:
Жолдар қайда апарады бізді, қайда
Айтшы бауырым, тағы қайда
Адасып жүрсек біз, О жаратқан
Түзу жолға, бағытта

Жолдар қайда апарады бізді, қайда
Айтшы бауырым, тағы қайда
Адасып жүрсек біз, О жаратқан
Түзу жолға, бағытта


Другие названия этого текста
  • Alty - Жолдар | #KRP (0)
  • Alty - Жолдар (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-