Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Alty - Менін калам (ft. Sagi Khalen) | Текст песни

ALTY - Менің қалам (feat. Sagi Khalen)

Шумақ 1 Sagi Khalen

Мұннан елімнің батысы басталады
Әркім келген кезде таң қалады
Грин қалаға, Грин қалама
Қандай әсем, айналада

Таңнан кешке дейін, әрдайым қозғалыста
Тынымсыз қала, аса үлкен балмасада
Өзіңнен түледі талай ақын ғұлмалар
Олардың бәріде сенің тарихында қалар

Иә бұл менің үйім, бұл менің қалам
Өзіңе қараймын сыртыңнан тамсана
Сенің көшелерің, ғимарат үйлерің
Жап-жасыл терек талдар, әркімді тамсандырар

Саябақ, фонтандар, көздің жауын алар
Кеш түсе халайық, осында жиналар
Күн батып, шамдар жанып, түнгі өмір басталар
Түнгі қала өмірі, ол мүлдем басқаша

Көркіне көз таймас, О менің жасыл қалам
Егер сен мұнда болсаң, білерсің не қалай
Жайықтың жағасында, орналасқан
Туған жер топырағым, әлбетте қымбат маған

Қ-сы:
«О» менің қалам, бұл менің қалам
Мұнда мен тұрам, мұнда мен тұрам
Менің жан ұям, менің достарым
Бұл менің қалам, бұл менің қалам

«О» менің қалам, бұл менің қалам
Мұнда мен тұрам, мұнда мен тұрам
Менің жан ұям, менің достарым
Бұл менің қалам, бұл менің қалам
Шумақ 2 Алти

Үйімнен шыға салып, келемін көшеменен
Жан-жағыма қарап, керемет әсерменен
Күннің көзі де жайнап, құстардың үні сайрап
Жанымды шалқытады көнілді тербете бойлап

Мәншүк алаңынан Достықтын бойымен
Ұзақ жол жүріп өттім, жаяу мен
Алдымнан әр түрлі, келбеттер кейіптер
Өтіп жатты, әркелкі мінез-күйлер

Грин қала, батыстың шеткі ордасы
Мұнда сыйлайды жауынгердей рухы барды
Және әдемі, инабатты, ақылды қыздарды
Және де мен сүйемін, сол үшін оларды

Осында басталды, менің өмірлік жолым
Балалық шағым, мектепке алғаш қадамым
Алғаш рет ғұмырымда, ғашық болғаным
Осында менің, жақындарым таныстарым

Құрбы-құрдас бауырларым, мені қолдаған
Бәріне дұғай-дұғай, сәлем жолдадым
Яғни, менің қалама туған қалам Оралыма
Шын жүректен арнадым, бұл өлең жолдарын

Қ-сы:
«О» менің қалам, бұл менің қалам
Мұнда мен тұрам, мұнда мен тұрам
Менің жан ұям, менің достарым
Бұл менің қалам, бұл менің қалам
2-рет
«О» менің қалам, бұл менің қалам
Мұнда мен тұрам, мұнда мен тұрам
Менің жан ұям, менің достарым
Бұл менің қалам, бұл менің қалам


Alty еще тексты


Другие названия этого текста
  • Alty - Менің қалам (ft. Sagi Khalen) | #KRP (0)
  • Alty - Менін калам (ft. Sagi Khalen) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1