Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

AMAN - boy and girl [Kz sound] | Текст песни

Жасынан жалтақтауды білмей өскен жігіттер
Басына іс түскенде бауырлармен біріккен
Қорықпас тəуекелден білек түріп кіріскен
Қарайтын болашаққа үрейленбей үмітпен
Санаңды сейілтеді арам ойлы күдіктен
Өз елі өз жерінде жүрер білек түріп кең
Жүрегін тек сұлудың жымиғаны жібіткен
Елімнің жігіттері осындай сен білмеппедің
Бұрымы қылығымен жарасатын арулар
Қоймайтын ғашық етпей көздерінде қару бар
Қорқамын сол көздерден жараланып қалудан
Ұмтылған ұлан едім шын махаббат табуға
Қалайсың меніменен кездесуге баруға
Жоқ деме оттай болып жүрегіміз жануда
Мың жігіт армандаған келін қылып алуға
Елімнің аруларына жүрегім əн салуда
Өсірген бəрімізді мекеніміз бір көше
Қане дос танытайық біреу бұрын білмесе
Еркек боп туылғаның кімге керек құр бекер
Санасып сеніменен егер адам жүрмесе
Бауырым шатаспайсың біздің мезгіл түн десем
Қасқырға қараңғыда олжа табу мұң бекен
Үніңді өшіреді қателесіп үндесең
Өзіндік заңдары бар заманауи бұл мекен
Қарындас қайда қайда қайта қайта барасың
Не деген тəрбиесіз тыңдамайды папасын
Жандарды бағалашы саған жүрген жанашып
Басыңа бақытыңды сонда ғана табасың
Қаласаң сүйгеніңмен жұлдыздарға қарашы
Жанымау шыныменен тұрсаң егер жарасып
Бірақта есте сақта қазағымның баласы
Тым жақын болмау керек қыз бен ұлдың арасы

AMAN еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-