Бүгінгі таң арайланып, күліп атты,
Жердің бетін қуаныштың гүлі жапты.
Бозторғайлар сайрайды кеп бір тынбастан,
Балбыратып жаңа күннің нұры бақты.
Ескі күннің тең жалғасы.
Жаңа өмірдің ең алғашы!
Аспаннан тұратын тамып,
Жаңа күн не деген жарық!
Хей, хей, дала желі!
Оу, оу, көктем келді!
Жаңа күннен жаңа әуендер ағылады,
Қарай алмай, саған көзім қарығады.
Жаңа күннің шырайына шырай қосып,
Ару қыздар көшелерде сабылады.
Ескі күннің тең жалғасы.
Жаңа өмірдің ең алғашы!
Аспаннан тұратын тамып,
Жаңа күн не деген жарық!
Хей, хей, дала желі!
Оу, оу, көктем келді!
Жабықсам, жанымды ұқшы,
Сапарға аттансам, күтші.
Жүзіңді көргім келеді,
Күндей боп алдымнан шықшы!
A'mir еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1