1. Ескен елеусіз желдей, Өткен күндерге сенбей. Алаң болып жүрсіңдер ме Балаң алыстан келмей. Жүрек тулаған кезде, Аунап-қунаған кезге. Амалым не асыққанмен Жүрмін жете алмай мен де.
2. Тағдыр талайын қиған, Жүрек жылуын жиған. Менің екі мейірбаным, Жаныма нұрын құйған. Көкте туғандар жанай (?), Ай мен күндерді санай. Көздерің де талды-ау талай, Жолыма қарай-қарай.
3. Күн де күлімдеп қарар, Гүл де бүршігін жарар. қарлығаштар қайта оралып ұшқан ұясын табар. Алаңдамастан бекер, Аман жүрсеңдер екен. Алдарыңа құстай ұшып, Мен де ұзамай жетем.