Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Apollo - Übermensch [60 Lines] | Текст песни и Перевод на русский

Übermensch [60 lines]

[Apollo]
Тосын сыйды есті - шешілмейтін тестті,
Есінді жи, сансыз сана шешендігім тесті.
Шабыт ойыммен ілгері, соғам қызуында темір,
Әріп дәптеріме теріп, тебірене төктім тер.

Міне, мен мәтініммен many man'ге көсіліп,
Міңсіз ұйқасыма қалып қаласыңдар көз іліп.
Негізі, лебізін жылытады әр кезі,
Әр ізім, әнтізім міңсіздіктің белгісі.

Кәдімгіден бөліндім, енді бәрі көрінді,
Өмірде де бөрімін, біліп жүр өз жөніңді.
Beef оқысам - көмілдің, төңкеремін көріңді,
Feat оқысам көңілді, әрине, күтем көрімдік.

Шайтан болып шықса да жыр, шығам оның жағына,
Штангадай жаққан маған, жаныма жақын сахна.
Бөлек өлең қарқыны, өне-бойым тартымды, =)
Жаңғырад(ы) сағымдай құбылған толқыным ақындық.

Парағыма сия жетті, тармақтың саны - 17,
Басы қашық, бірақ әлдеқайда алыс шеті.
Мен үшін мұны жазу - шат, шағатты ал,
Ал жалғандарға бұл ғажап. Шапалақтап, тал. =)

Үмітім көздің қарашығындай, болаттай ниет,
Жиі-жиі жеңістер, векторымда көкжиек.
Әуелі, әуенім - ошағым, енді - тікұшағым,
Lable құшағынан тыс, өз-өзіме қожайын.

Өртегеннен гөрі жер, шық менің көңілімнен,
Игі тілек тілемесен, еденмен етемін тең.
Пір тұтам рэпте - Meth, Slim Thug, Fler,
Übermensch небір зілдің езуін тілер.

Бұқа мойыны, сынбаған құлақ пішіні,
Өте кішіпейілмін, пенжітпеймін кішіні.
Ішімдік, тіпті де, кішігірім ішпе!
Жүзеге асырарымды жүзден жүзге істейм.

Сірә, әргелкі өтеді сауық-сайран,
Сыра - сенің серігің, менікі - айран. =)
Спортсыз, секссіз ер өмірі - бес тиын,
Демек, маған елікте. Жүгіреміз, тез киін.

Өзімнен өзгенің сөзін ести салып, есінейм,
Ілеспесе ізіммен кісі, несіне менсінем?
Менінше, жол саны 35-тен емес кем,
"Қолданбаймын жай ұйқас," - деп ұйқыммен ерегескем.

Шуақ шашатын шумағым - шипа және дауа,
Алыштыққа баулыйм, руһқа берем power!
Жаңа деңгей жасадым, жаңа заман жас ақын,
Жат болса саған өнерім, менен қиыр бас адым.

Осыдан артық алпыс талпынсан да, қайталанбас,
Айналадан ұқсас іздемей, ай далада адас.
Даңқты болғын келді ме не? Жоспарларыңды бұзам,
Плеер - менің ойкуменам, қуасың одан қусан.

Алтайдың мұзбалағымын, қара, қандай алып,
Қаладым баламасыз ағын, қолға қалам алып.
Ұлы Дала, қолда да, қолдарыңды көтер
көкке! Мен - ғұн, шаньюй Мөде.

Біттім де, битіп бұл бетімді beat'іме салдым,
Жәңгір хандай салқам, мұздай қаным салқын.
Қиындықты алу алқымынан - мызғымас салтым,
Тармақ аты - 56, тараттым алтын!

Қармағыма алам тармағымның, аласың қуат,
Такбирді таста да, айтып баста "Аруақ"!
Ақын-палуанға айтарыңды сай аңғару,
Бір бүк, екі бүк, үш бүк, саянара!


Apollo еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-