[Apollo] Куль хууа Канату ахад... Канатус самад, Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек*, мүлдем ұқсамайд. Болар енді, жетеді! Қажет тежеу исламды, Өз өрмектерін кең жайып, шығарды ызамды.
Ертеде қазақты өзбектер атаған \"жете\", Себебі шариғаттан болған занымыз жеке. Қарашы мешітке, Алашқа не жеткен?! Жаңа буын осы болса, болашақ - қ...м жеген.
Анау қыз әдемі, бірақ ойлары - wtf?! Мен оны қалаймын, болса да ол қыз ақымақ. Қайдағы жоқ хиджаб? Қайдағы жоқ нихаб? Пәктігіңе түспейді дақ, қысқа киім тақ.
Домбыраммен орындама арам діни терме, Еркін қазақтың асыл жанына мің итерме. Ғаламдық ғылымды байқамайды олар қ...м? Сынаймын дін сынды Аверруаз, Омар Хаям...
\"Иншалла! Машаллах!\" - дегенді, қазақ, доғар, Бабамызға арабтан жақынырақ болған жоңғар. Еске түсед(і) мұсылман тек топастық Асылуды ұсынам, \"салам,\" - десен осыдан.
Күллі мәселе көлеңкесінде Бәйтеректің, Байқалмаған дерт байқатад(ы) отымен терракттың, \"Дін - дегенін дүниенің діңгегі,\" - Дегендерің дүниеде таба алмайд(ы) кетігін.
Шындығым - Тони Старк үстіндегі сауыт, Пирамидадан басқа баршаның басшысы - уақыт. Жұмақта емес бақыт, шумақта - кеңес, бағыт, Табытпен rendez-vous'данг бұрын бағынуды ағыт.
Бұлғама (!!!) құранмен Тұранды ұлан-ғайыр, Құл ғана (!!!) қорытад(ы): \"Сорыма кінәлі тағдыр\". Бұғы болмай ұғын тұрған Ұлы ғұламаны, Нақылымды тыңдамасан, оқы дұға тағы...
[Apollo] Куль хууа Канату ахад... Канатус самад, Ықылас сүресі енді біржола оқылмайд(ы). Айтса маған біреу: \"Жәннатта ғана бар рахат\", Оның сөздеріне мен қараймын жайбарақат.
Дінге беріледі ер, сенбесе шамасына, Кілемдегі білектімен сен оны шатастырма. Қадай алад чешендер, бірақ сыртынан - күлкі, Эй, палуан-мұсылман, осы ма саған үлгі?
Қазақ пенен ноғай Өзбек ханды ұқпаған, Сондықтан да ислам аса терең жұқпаған. \"Қасқа Жол\", \"Ескі Жол\" және де \"Жеті Жарғы\", Ешқашан жолаттырмас ед(і) жат елдік шариғатты.
Құран парақтарын бірақ таптайды пырақ*, Ерікті Елімде болсың берік, биік шаңырақ. Надандық және қорқыныш әрдайым жанама, Арам араб ережесімен өзіңді қанама...