[Hook: Apollo] Атеисттер көбейгендей көбейсе ғой шамдар, Сәтпаев көшесінде түнек иықтан шабар. Өскемен for life емес, Өскемен for death, Шалмай тұрып сен дерт, дереу алыс кет.
[Apollo] "Dirty South" стилінен де лас қаламызда ауа, Адымда Адам атаңа, қойныма керек Хауа. Қаратамын арулың көзін қолдарымды аша, Ақылыммен, ал сен тек ақылы - арқылы ақша.
Жұдырығыма қарымта шабуыл - тапанша, Қарақұспен қадаласың, қаруыңды тапқанша. "Бірге бір шығу" деген ұстанымым ескірді, Әрі шырмады жастарды дін атты есірткі.
Парызым бар қазақ тілі алдында орасан, Өтелед(і), мамбет мәйіттерін кілемге орасам. Ораза ұстайд(ы) тағы таққан сақал соқыр, Алаш азат руһына ауыртатын ауыр соққы.
Күллі Шығыста құдайдың құтты күні осы, Егер алысқа кетпесем, кетед(і) есіп ауысып. Білмеймін, байдың баласын, жалпы ауыр тұрмыс, Құлайтын кезім келсе де, рэпіммен әлі тұрмыз.
[Hook: Apollo] Атеисттер көбейгендей көбейсе ғой шамдар, Сәтпаев көшесінде түнек иықтан шабар. Өскемен for life емес, Өскемен for death, Шалмай тұрып сен дерт, дереу алыс кет.
[Apollo] Сол жағалауда салынуда зәулім құрылыс, Құр бұл іс, себебі байқалад(ы) оң құбылыс. Бәлкім, жолдастарымның ғана көздері ашық, Олардың санасы жайлы керек емес қобалжып.
КШТ - Өскеменнің тазалық оазисі, Мұнда да бар, бірақ сезілмейді газ иісі. Құрдастарым сиреді, жаңа буын бейтаныс, Болам алыста ұлтан, болғанша мұнда Бейбарыс.
Куәгері теріс істерімнің, жеңістерімнің, Оның жемістерінің, қуану жетіспеуінің. Бұрын өссем де, ары жетілуге бұл тар, Кейіпкерлері сынды сұрғылт түсті бұлттар.
Мейлі, Астана дем алып, қыдыруға құнарлы, Таңғаламын, таңғы даңғылыма неліктен құмармын? Назар аудар, ауданым шағын, алып балаңа, КШТ, жүрегімде жоқ саған балама!